Tech

Innovative IT Product Design and Development

Білім беру деңгейі: Бакалавриат

Illustration of a light bulb with a gear, robotic arm, drone, and rocket representing innovation and technology.
Оқу ақысы

Тегін

Оқыту тілі

Ағылшын тілі

Оқу мерзімі

4 жыл

Нәтиже

Мемлекеттік үлгідегі диплом

Program description

«Инновациялық цифрлық өнімдер мен қызметтер» — әсері жоғары цифрлық өнімдер жасап, технологиялық инновацияларды дамытуға ұмтылатын студенттерге арналған төрт жылдық бағдарлама..

  • Оқу бағдарламасы UX/UI дизайнын, бағдарламалауды, өнімдік ойлауды және кәсіпкерлікті біріктіріп, студенттерге шығармашылық және техникалық негіз қалыптастырады.

  • Практикалық жобалар, пайдаланушыларды зерттеу және жылдам прототиптеу арқылы студенттер интуитивті шешімдерді жобалауды және функционалды цифрлық өнімдер жасауды үйренеді.

  • Бағдарлама инновацияға, топтық жұмысқа және нақты мәселелерді шешуге ерекше назар аударады.

Қалай түсуге болатынын

және қабылдау талаптарын біліңіз

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз сізбен 24 сағат ішінде байланысамыз.

Thank you! Your submission has been received!
Oops! Something went wrong while submitting the form.

«Креативті инженерия» мамандығында не оқытылады

Core Courses

  • Визуалды коммуникация
  • UX/UI дизайны
  • Пайдаланушыларды зерттеу
  • Өнімді басқару
  • Бағдарламалау
  • Веб-әзірлеу
  • Frontend әзірлеу
  • Мобильді қосымшалар әзірлеу
  • Прототиптеу студиясы
  • Өнімдерге арналған жасанды интеллект
  • Деректер және аналитика
  • Стартаптарды үйрену
  • Өнімнің өсуі және метрикалар
  • Венчурлық қаржыландыру
  • Стартап студиясы

Elective courses

  • Жетілдірілген UX/UI дизайны
  • Дизайн жүйелері
  • Цифрлық маркетинг
  • Бизнес модельдеу
  • Мінез-құлық ғылымы
  • Технология психологиясы
  • Технологиядағы этика
  • Әлеуметтік әсерге бағытталған дизайн
  • AR/VR негіздері

Курс оқытушылары

Эндрю
Вахтель

Президент

Эндрю Вахтел – inDrive компаниясының білім беру бағдарламаларының директоры, осы қызмет аясында ол inVision U жобасын әзірлеуде. Сонымен қатар, ол 2021 жылдан бері Қырғызстанның Бішкек қаласында жұмыс істеп келе жатқан Compass College of Art and Design колледжінің тең құрылтайшысы. Бұрын ол Алматыдағы Нархоз университетінің ректоры және Бішкек қаласындағы Орта Азия Америкалық университетінің президенті қызметтерін атқарған

Нұркен
Әубәкір

Foundation бағдарламасының директоры

Нүркен Әубәкір аударматану бойынша PhD докторанты және АҚШ-тағы Иллинойс университетінің (Urbana-Champaign) шақырылған зерттеушісі болды. Ол 2024 жылы жауапты әрі заманауи білім беру стандарттарына сай келетін инновациялары мен адалдығын дәлелдеп, CEEMAN Responsible Management Educator of the Year беделді сыйлығын иеленді. Ол жан-жақты білім беруді қолдайды және мәдени мұра мен жаһандық құзыреттерді терең және мазмұнды оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы біріктіреді. Нүркен - марапатталған «Tolyq Adam» жалпы білім беру бағдарламасының авторы және бұған дейін AlmaU университетіндегі School of Transformative Humanities деканы қызметін атқарған.

Email жіберу

Анастасия
Аммосова

Бас атқарушы директор

Анастасия – inDrive компаниясының білім беру бағдарламасының жетекшісі. Бұл бағдарлама дамушы елдердегі талантты және ынталы оқушыларды әлемнің жетекші университеттеріне түсуге дайындауға бағытталған. Бұған дейін ол Sinet Spark компаниясында аймақтық даму жобаларының жетекшісі қызметін атқарған.

Нұрхан
Омарбеков

Қабылдау бөлімінің директоры

Нурхан Омарбеков — студенттерді оқуға тарту мен қабылдау cұрақтарымен айналысатын жоғары білім саласының маманы, қазіргі уақытта inVision U университетінде студенттерді қабылдау жөніндегі директор қызметін атқарады.

Мария
Ли

Креативті инженерия бағдарламасының жетекшісі

Инженерия, дизайн және өнер тоғысында жұмыс істейтін суретші әрі педагог. Ол «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Bartlett School of Architecture (UCL, Ұлыбритания) мектебінде Design for Manufacture бағыты бойынша архитектура магистрі (MArch) дәрежесін алған. SDU университетінде Multimedia Sciences инновациялық бакалавриат бағдарламасын әзірлегені және басқарғаны үшін Culture and Creativity санаты бойынша UK Alumni Award сыйлығының лауреаты. Өз жұмысында сюрреалистік әдіснамалар мен цифрлық өндірісті зерттейді.

Оқуды аяқтағаннан кейінгі мансап

Оқуды бітіргеннен кейін мүмкін болатын лауазымдар

  • UX/UI дизайнері
  • Өнім дизайнері
  • Өнім менеджері (бастапқы деңгей)
  • UX зерттеу ассистенті
  • Frontend әзірлеуші (junior)
  • Дизайн немесе өнім бойынша стажёр
  • Инновациялар немесе цифрлық технологиялар маманы (бастапқы деңгей)

Оқуды бітіргеннен кейін жұмыс істеу мүмкіндігі болатын салалар

  • Технология және бағдарламалық қамтамасыз ету: цифрлық өнімдерді жобалау мен әзірлеуге қатысу
  • Стартаптар: өнімді зерттеу, прототип жасау және алғашқы өнім нұсқаларын әзірлеуге көмектесу
  • Креативті және дизайн агенттіктері: UI дизайны, өзара әрекеттесу дизайны және прототиптеу жұмыстарында қатысу
  • E-commerce және цифрлық сервистер: пайдаланушы тәжірибесін және цифрлық интерфейстерді жетілдіру
  • EdTech және HealthTech: пайдаланушыларды зерттеу немесе интерфейс дизайнына қатысу
  • Консалтинг және инновациялық компаниялар: цифрлық трансформация және сервистік дизайн жобаларына қатысу

Өтінім жіберіңіз

және InVision U университетінде оқуға арналған тегін грантты қалай алуға болатынын біліңіз

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз сізбен 24 сағат ішінде байланысамыз.

Thank you! Your submission has been received!
Oops! Something went wrong while submitting the form.

Қабылдау шарттары

Follow these steps to get started

1-кезең

Біздің сайттағы өтінім формасын толтырып, жіберіңіз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

2-кезең

Бейнепрезентация жіберіңіз. Тапсырманы сәтті орындаған талапкерлер келесі іріктеу кезеңіне шақырылады

3-кезең

Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз

4-кезең

Оқуға қабылдау туралы ұсыныс алыңыз

5-кезең

Құжаттардың түпнұсқаларын тапсырыңыз

6-кезең

Onboarding Week (бейімделу аптасына) қатысыңыз

7-кезең

Сабақтарыңызды бастап, оқудан ләззат алыңыз!

Group of eight young people wearing white t-shirts, sunglasses, and yellow event badges standing in front of a purple backdrop.

Ең төменгіталаптар

Төмендегі пәндердтаңдап ҰБТ-дан 80 балл алу

(Қазақстан Республикасының азаматтары үшін)

  • Математика + Информатика

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі

(Барлықталапкерлер үшін)

ELTS
6.0
TOEFL iBT
60-78
Duolingo
105 - 115

(IELTS/TOEFL тапсыру мүмкіндігі жоқ шетелдік талапкерлер үшін)

Өтінім беру үшін құжаттар пакеті

  • Жеке куәлік / паспорт

  • ҰБТ сертификаты

  • Презентацияға сілтеме

  • Әлеуметтік жағдай туралы ақпарат (бар болса)

InVision U университетіндегі басқа бакалавриат мамандықтары

  • Ғылым
    Illustration of a light bulb with a gear, robotic arm, drone, and rocket representing innovation and technology.

    Креативті инженерия

  • Қоғам
    Illustration of diverse people collaborating with lightbulb icons, a presentation board with a bar graph, and a handshake symbolizing teamwork and ideas.

    Инновация және көшбасшылық социологиясы

  • Саясатты жаңарту
    Illustration of three people discussing policy with symbols of government building, clipboard, scales, dollar sign, and charts in the background.

    Мемлекеттік басқару және даму стратегиялары

  • Өнер + БАҚ
    Illustration of three people engaging with digital marketing icons like charts, messages, a megaphone, and social media symbols.

    Цифрлық медиа және маркетинг