May 6, 2026

Public Policy and Development inVision U: неге дәл осы бағдарламаны таңдау керек?

Мақалалар
Пайдалы ақпарат

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі қарқынды дамып келеді. Жыл сайын жаңа стратегиялар, даму бағдарламалары және қалалық жоспарлау тұжырымдамалары қабылдануда. Бұл өзгерістер тек құжаттарды әзірлеп қана қоймай, нақты іске асыра алатын мамандарды қажет етеді.

Деректерді талдай алатын, қалалық ортаны түсінетін, халықаралық ұйымдармен жұмыс істей білетін және осының бәрін нақты саясатқа айналдыра алатын мамандар тапшы. Дәл осы себепті жаңа буын кәсіпқойларына деген сұраныс қалыптасып отыр.

inVision U-дағы Public Policy and Development бағдарламасы осы сұранысқа жауап ретінде құрылған. Бұл студенттерге алғашқы курстан бастап басқару жүйелерінің қалай жұмыс істейтінін түсінуге және олардың дамытуға тікелей қатысуға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Public Policy and Development деген не?

Public Policy and Development дәстүрлі білім беру жүйесінде сирек тоғысатын бағыттарды біріктіреді: inVision U бағдарламасында экономикалық талдау, әлеуметтік саясат және қалалық әрі өңірлік даму тәжірибесі сапалық және сандық зерттеу әдістерімен тығыз байланыста оқытылады.

Бағдарламаның негізінде бір маңызды идея жатыр: нағыз public policy маманын білімге тең қолжетімділік, көші-қон үдерістері, өңірлік климат саясаты және қалалық инфрақұрылым мәселелергеі бейжай қарамайды. inVision U студенттері осы қиындықтардың түпкі себептерін түсінуді, практикалық шешімдер әзірлеуді және оларды іске асыруға жеткізуді үйренеді. Бұл бағдарламаның негізгі философиясы.

Оқу барысында студенттер микро және макроэкономиканы, сапалық және сандық зерттеу әдістерін, жобалық менеджментті меңгереді және қалаларға арналған үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар салыстырмалы саясат, әлеуметтік саясат және қалалық басқару тарихы бойынша курстар өтеді. Бағдарламаның негізгі логикасы — барлық пәндердің өзара байланыста оқытылуында. Яғни,әр курс келесі болатын курсты толықтырып, күшейтеді.

Public Policy and Development бағдарламасының директоры Анель Кулахметова UNICEF Kazakhstan ұйымында балалар құқықтарын қорғау бойынша ұлттық консультант болып жұмыс істеген, Бішкектегі ЕҚЫҰ Академиясында, SDU University мен Нархоз университетінде сабақ берген. 2023 жылдан бастап Нархоз университетінің Гуманитарлық мектебінің деканы болды, ал қазіргі таңда inVision U провосты қызметін атқарады.

Бағдарлама кімдерге арналған?

- Егер сізді қалалық және өңірлік даму қызықтырса.

Урбанистика, ауылдық аумақтарды дамыту, инфрақұрылым, көші-қон — мұның бәрі оқу бағдарламасының бір бөлігі. Бұл тек теориялық кейстер емес, студенттер жұмыс істейтін нақты мәселелер.

- Егер саясат саласында деректермен жұмыс істегіңіз келсе.

Big Data for Cities, сапалық және сандық зерттеу әдістері арқылы студенттер тек ақпарат жинауды емес, оны аналитикалық тұрғыда өңдеуді үйренеді: қорытынды жасау, заңдылықтарды анықтау және деректерді саяси шешімдерге айналдыру.

- Егер халықаралық ұйымдарда мансап құруды ойласаңыз.

БҰҰ, БҰҰДБ, UNICEF, Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM), UN Women сияқты құрылымдарда жұмыс істеуге дайындайды. Түлектер халықаралық даму жүйесінің қалай жұмыс істейтінін ішкі деңгейде түсінетін болады.

- Егер климат саясаты мен тұрақты даму қызықтырса.

Ecological Economics және Climate Policy and Justice — міндетті пәндер. Бұл қазіргі экологиялық мәселелердің саясат пен экономикадан бөлек қаралмайтынын түсінетін студенттерге арналған.

- Егер жүйені ҮЕҰ немесе азаматтық белсенділік арқылы өзгерткіңіз келсе.

Citizenship and Public Ethics, Civil Rights Advocacy пәндері қалалық және ауылдық қауымдастықтармен жұмыс істеп, олардың дамуына үлес қосқысы келетіндерге теориялық база мен практикалық құралдар береді.

Студенттер не оқиды?

-Экономикалық негіздер.

Микроэкономика және макроэкономика. Бұл саясатты талдаудың іргетасы, себебі әрбір мемлекеттік шешімнің экономикалық салдары болады.

- Қалалық саясат.

«Қала: тарих және басқару», «XXI ғасыр қаласы: жаһандық контекстегі мүмкіндіктер мен сын-қатерлер», Big Data for Cities. Қазақстан қарқынды урбанизацияланып жатыр, сондықтан бұл процесті басқара алатын мамандарға сұраныс жоғары.

- Зерттеу әдістері.

Сапалық және сандық тәсілдер. Студенттер өз пікірін деректермен негіздеуді үйренеді: әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, үлкен ақпарат легімен жұмыс істеу және нәтижелерді интерпретациялау бағдарламаның маңызды бөлігі.

-Мемлекеттік басқару және саясат.

Салыстырмалы public policy, азаматтық және қоғамдық этика, әлеуметтік саясат. Бұл мемлекеттік және халықаралық құрылымдарда жұмыс істеуге арналған теориялық әрі практикалық база.

- Климат және тұрақты даму.

Экологиялық экономика, климат саясаты және әділеттілік. Бұл — әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі және мамандар тапшылығы ең қатты сезілетін бағыттардың бірі.

Көші-қон - қазіргі саясаттағы ең күрделі тақырыптардың біріне арналған жеке курс. Әсіресе Орталық Азия өңірі үшін бұл мәселе өте өзекті.

- Элективті пәндер.

Қалалық және ауылдық даму, мемлекеттік құрылымдардың PR және брендингі, медиаөндіріс, қоғамдық пікірмен жұмыс. Студент өзінің қызығушылығына қарай бағыт таңдай алады.

Public Policy and Development түлектерінің мансаптық мүмкіндіктері

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін inVision U-дің бес бағыты арасындағы ең кең мансаптық мүмкіндіктердің бірі ашылады. Саясатты талдай алатын, деректермен жұмыс істейтін, қалалық ортаны түсінетін және халықаралық ұйымдармен бір тілде сөйлесе алатын мамандар, адамдардың өміріне әсер ететін шешімдер қабылданатын кез келген салада сұранысқа ие.

Мансаптық бағыттар:

Саясат талдаушысы, Бағдарлама үйлестірушісі, Азаматтық құқықтар жөніндегі адвокат, Қала жоспарлаушысы, Миграция жөніндегі маман, Мемлекеттік саясат зерттеушісі, Қоғамдық пікір зерттеушісі, Мемлекеттік саясат және қалалық даму бойынша консультант, Тұрақты даму үйлестірушісі, Мемлекеттік органдармен байланыс маманы.

Түлектер жұмыс істей алатын салалар:

мемлекеттік басқару, қалалық және өңірлік даму, зерттеу және консалтинг, коммерциялық емес сектор мен ҮЕҰ, жеке қорлар, экологиялық ұйымдар, халықаралық ұйымдар — БҰҰДБ, UN Women, UNICEF, ILO, IOM, FAO.

Неліктен осы бағдарламаны таңдау керек?

Қазақстан — институционалдық жүйелерді белсенді түрде дамытып жатқан ел. Жаңа қалалық жобалар іске қосылып, мемлекеттік құрылымдар реформаланып, ҮЕҰ секторы өсіп, халықаралық ұйымдардың қатысуы кеңеюде. Алайда саясатты терең талдай алатын, деректермен жұмыс істейтін және даму стратегияларын жаза алатын мамандар өте аз.

Public Policy and Development — дәл осы тапшылықтың орнын толтыратын мамандық. Бағдарлама түлегі экономикалық деректерді талдап, қорытынды жасай алады, қала немесе өңір деңгейінде саясат жобалайды, сапалық және сандық зерттеулер жүргізеді, климаттық күн тәртібін және оның қалалық жоспарлаумен байланысын түсінеді, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қалай жұмыс істейтінін жақсы біледі.

Өтінім беріңіз

Бағдарламаға қабылдау ашық. Алғашқы лекте орын саны шектеулі. Сайтта байланыс деректеріңізді қалдырыңыз — inVision U командасы 24 сағат ішінде хабарласып, қабылдау бойынша барлық сұрақтарға жауап береді.

inVision U, Алматы — Қазақстанның болашақ көшбасшыларына арналған толық грант негізіндегі жаңа буын білімі.

Блогымыздан пайдалы ақпараттарды көбірек оқыңыз

Қатысты мақалалар

Пайдалы ақпарат
June 2, 2026
min

Білім - артықшылық емес, құқық: inVision U таланттарға жаңа мүмкіндіктер қалай ашады

Оқы
Пайдалы ақпарат
May 28, 2026
min

Неге дәл inVision U-дың Creative Engineering бағдарламасына түскен жөн?

Оқы
Пайдалы ақпарат
May 25, 2026
min

inVision U-дағы инновациялық цифрлық өнімдер: неге дәл осы жерде оқу керек

Оқы