Foundation Year
at inVision U by inDrive
Бәрін өзгертетін жыл

Бұл жыл олар үшін көшбасшылыққа, инновацияға және тұрақтылыққа апаратын жолдың бастауы болмақ.
Біз мұны не үшін жасаймыз
Біз inVision U-да білімге қолжетімділік — бұл тек бастамасы деп сенеміз. Әлеуетті ашу үшін студенттерге қолдау, көңіл бөлу және өсуге мүмкіндік беретін қоғамдастық қажет.
Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі әртүрлі болатынын түсіне отырып, университет командасы басты назарды мотивацияға аударатын бағдарлама құрастырды. Дамуға ұмтылғандар үшін бұл бағдарлама білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға және таланттың толық ашылуы үшін қажеттінің бәрін алуға көмектеседі.
inVision U-дың мақсаты — өз қоғамдастықтарында және әлемде оң өзгерістер жасауға дайын көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады.
D.R.I.V.E. Тәсілі. Іс-әрекет, құндылықтар және пайым арқылы даму
inVision U жағымды өзгерістерді бастауға, бағыттауға және қолдауға қабілетті жас көшбасшыларды оқытады.
Disciplined Resilience (Тәртіпті төзімділік / Тұрақтылық)
Эмоционалды өзін-өзі реттеу, салауатты әдеттер, мақсаткерлік.
Responsible Innovation (Жауапты инновация)
Шығармашылық жолмен мәселелерді шешу, технологияларды этикалық тұрғыдан пайдалану, болжамдарды тексеру және деректер негізінде жұмыс істеу.
Insightful Vision (Терең пайым / Түсінікті көзқарас)
Жүйелі ойлау, болжам жасау, талдау және салмақты шешімдер қабылдау.
Values-Driven Leadership (Құндылықтарға негізделген көшбасшылық)
Қадір-қасиет, инклюзия, диалог, қызмет арқылы оқыту.
Entrepreneurial Execution (Кәсіпкерлік іс-әрекет)
Мүмкіндіктерді іздеу, серіктестіктер, қаржылық сауаттылық және сторителлинг (оқиғаларды баяндау).
Foundation Year негізгі ерекшеліктері
Бағдарлама ойлау қабілетін, сенімділікті және дербестікті дамытуға көмектеседі.
Практикалық оқыту креативтілікті, мәселелерді шешу және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Жыл соңында студенттер Upper-Intermediate және одан жоғары деңгейдегі ағылшын тілін меңгереді.
Сыни тұрғыдан ойлауға, жазуға, пікірталасқа (дебат) және рефлексияға ерекше көңіл бөлінеді.
Саналы көшбасшылық, йога және командалық жұмыс курстары ішкі тұрақтылықты және фокусты нығайтады.
Курстар математика, логика, қазақ тілі және мәдениеті, цифрлық және AI-дағдыларды қамтиды.

Біз артық уайымсыз өсуге болатын орта жасаймыз.
Әлемдік деңгейдегі білімді inDrive және Арсен Томский толығымен төлейді.
Заманауи жатақханада тегін тұру.
Күнделікті толыққанды тамақтану.
Алматыға және кері қарай төленетін жол жүру.
Тұрақтылық пен сенімділік үшін ай сайынғы стипендия.

Foundation Year бағдарламасына түсу үшін не қажет:
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 мамыр
Бейне-таныстырылымды жазып жіберу
Өзіңіз туралы баяндаңыз (5 минутқа дейін, қарапайым презентация қосуға болады):
Неліктен сіз inVision U-да оқығыңыз келеді?
Өміріңізде сіз жеңген ең үлкен кедергі қандай болды және сол кезде сізге не (кім) қолдау көрсетті?
Сіздің ұзақ мерзімді мақсаттарыңыз қандай және бұл бағдарлама оларға жетуге қалай көмектеседі?
Сіз үшін көшбасшы болу нені білдіреді? Өмірден мысал келтіріңіз.
Өміріңізде командалық жағдай болды ма және мәселені шешудегі сіздің рөліңіз туралы айтып беріңіз.
Отбасыңыз сіздің inVision U-да оқу таңдауыңызды қалай қолдайды? Сізге кім шабыт береді?
Сонымен қатар, өз арманыңыз туралы ағылшын тілінде айтыңыз: тілді қалай үйреніп жүрсіз және қандай жетістіктерге жеттіңіз.
Келесі пәндер жиынтығының бірі бойынша ҰБТ тапсыру:
Математика + География - Инновация және көшбасшылық социологиясы, Мемлекеттік басқару және даму стратегиялары
Математика + Информатика - Инновациялық цифрлық өнімдер мен қызметтер
Математика + Физика - Креативті инженерия
Қазақстан тарихы + Оқу сауаттылығы + 2 шығармашылық емтихан - Цифрлық медиа және маркетинг
Ағылшын, қазақ немесе орыс тілдеріндегі сұхбаттан өту
Үміткерлер: Оқуға жоғары ынталы, мүмкіндіктері шектеулі өңірлердің, шағын қалалардың және қоғамдастықтардың мектеп түлектері.
Әрі қарай — бакалавриат!
Foundation Year бағдарламасының түлектері өздеріне сенімді болып, жаңа сын-қатерлерге дайын күйінде inVision U бакалавриатында оқуды жалғастыруға басым құқық алады.
Келесі қадам
Біз Қазақстан мен Орталық Азиядан келген өршіл, білуге құмар және ынталы студенттерді өз болашағына қадам жасауға шақырамыз.
Өтетін жері: Алматы қаласы
Келесі қабылдау: 2026 жылдың қыркүйегі
Барлық шығындарды inDrive толығымен өтейді: оқу ақысы, тұру, тамақтану, жол шығыны және стипендия.
Foundation Year оқытушылары

Foundation бағдарламасының директоры
Нүркен Әубәкір аударматану бойынша PhD докторанты және АҚШ-тағы Иллинойс университетінің (Urbana-Champaign) шақырылған зерттеушісі болды. Ол 2024 жылы жауапты әрі заманауи білім беру стандарттарына сай келетін инновациялары мен адалдығын дәлелдеп, CEEMAN Responsible Management Educator of the Year беделді сыйлығын иеленді. Ол жан-жақты білім беруді қолдайды және мәдени мұра мен жаһандық құзыреттерді терең және мазмұнды оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы біріктіреді. Нүркен - марапатталған «Tolyq Adam» жалпы білім беру бағдарламасының авторы және бұған дейін AlmaU университетіндегі School of Transformative Humanities деканы қызметін атқарған.

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы (General English)
Ирина Круглова аударма ісі магистрі, ағылшын тілін оқыту саласындағы бірнеше халықаралық сертификаттардың (CELTA, TESOL, TKT) иегері, «Academic Writing» және «Language in Business» атты авторлық курстардың құрастырушысы, IELTS, FCE, CAE, CPE халықаралық емтихандарына дайындайтын тренер. Ағылшын тілінен Республикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшесі болып табылатын 20 жылдық педагогикалық өтілі бар маман. Оның коммуникативті тәсілі студенттердің жаһандық қоғамдағы жаңа шынайылыққа оңай бейімделуіне және енуіне ықпал етеді.

«Математикалық және логикалық ойлау» курсының оқытушысы
Физика ғылымдарының PhD докторы, нанотехнологиялар, үлкен деректерді талдау және блокчейн технологиялары саласында дәріс оқушы әрі зерттеуші. Т. Ахметовтың кәсіби қызметі академиялық та, қолданбалы да салалармен байланысты. Ол ҚБТУ-дың нанотехнология зертханасында инженер, Алматы энергетика және байланыс университетінде аға оқытушы, ҚБТУ физика кафедрасында сеньор-лектор, Қазақ ұлттық техникалық университетінде ассистент-профессор болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап Astana IT University Есептеу және деректер ғылымы департаментінде ассистент-профессор, сондай-ақ Era Labs компаниясында бизнес-талдаушы болып қызмет етеді. Мұнда ол Mina және Cosmos сияқты блокчейн экожүйелерін дамытуға қатысады. Ғылыми қызығушылықтарына: наноматериалдар мен нанотехнологиялар, ион-сәулелік үдерістер физикасы, машинамен оқыту әдістері (k-means, шешім ағаштары), үлкен деректерді талдау, блокчейн технологиялары және олардың бизнес-процестерде қолданылуы кіреді.

Қазақ тілі, коммуникация және мәдениет пәндерінің оқытушысы
Нуртазина Ақмарал Осеровна, магистр, қазақ тілі пәнінің оқытушысы ретінде өз сабақтарында оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолданады. Атап айтқанда, саралап оқыту, дамыта оқыту, сатылай кешенді талдау, деңгейлеп оқыту технологияларын пайдалана отырып, әрбір білім алушының қабілеті мен жеке ерекшелігін ескеретін маман. Оқыту үдерісінде тұлғаға бағдарланған білім беру қағидатын басшылыққа алады.
Тілдік ортада студенттердің білім деңгейі әртүрлі болатынын ескере отырып, әрбір білім алушы үшін жеке білім траекториясын анықтау мен үшін де, студент үшін де аса маңызды. Сабақтарда теориялық білімді тілдік қатысым және мәдениетпен сабақтастыра отырып ұсынуға ерекше мән береді.

Academic English курсының оқытушысы
Стефани Дварекас - АҚШ-тағы Ратгерс университетінің (Rutgers University) өнер тарихы кафедрасында PhD докторанты. Ол студенттердің академиялық ортада табысқа жетуіне көмектесуге құштар. Стефани Кембридж университеті ұсынған ағылшын тілін шетелдіктерге оқытуға арналған халықаралық деңгейде танылған CELTA сертификатына ие және магистратура мен докторантураға түсуге дайындық бойынша шеберлік сабақтарын өткізген.

Digital Literacy and AI Fundamentals курсының оқытушысы
inDrive компаниясындағы Senior AQA Engineer (SDET), Жоғары Экономика Мектебінің (НИУ ВШЭ) түлегі.
Михаил — мәселелердің себептерін іздеп, оларды шешудің жолдарын табуды жақсы көретін IT маманы. Ол осы тәсілді оқытуға да енгізіп, IT құралдарының күрделі жағдайлардан дәстүрден тыс шешімдерді табуға қалай көмектесетінін көрсетеді. Ақпаратпен тиімді жұмыс істеудің негізі деп санайтын сыни ойлау курсын әзірлеу тәжірибесі бар. Сондай-ақ ол ғылыми-көпшілік SetUp лекториясын және сыни ойлау конференциясын ұйымдастыруға көмектесу арқылы ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтады.
FAQ
inVision U дәстүрлі университеттерден қалай ерекшеленеді?
inVision U – бұл жобалардың негізін қалаушы, болашақ қоғамдық көшбасшы және кәсіпкерлер үшін арналған орын. Университет инновациялық білім беру жобалары жетіспейтін әлемнің түрлі аймақтарынан келген дарынды жастарға арналған.
Миссиясы – әлеуметтік аз қамтылған қауымдастықтар мен өңірлерден келген студенттерге сапалы және қолжетімді білім беру.
Университеттің оқу бағдарламасы студенттерге маңызды мәселелерді анықтауға және шешуге көмектеседі. Топтық жұмыс және практикалық кейстерге негізделген оқыту студенттерге жан-жақты білім береді.
Студенттер шағын топтарда жұмыс істеп, нақты мәселелерге назар аударады, оларды әртүрлі академиялық тұрғыдан талдайды.
Университет құндылықтары қандай?
inVision U бес негізгі қағидатты басшылыққа алады: білімнің қолжетімділігі, инновациялық ойлау, білімді тәжірибеде қолдану, жергілікті таланттарды сақтау және оқыту мен зерттеуді өзекті жергілікті және аймақтық мәселелермен байланыстыру.
Foundation жылы студенттер қандай жеңілдіктерге ие болады?
Барлық Foundation Year студенттері тегін оқу, тұру, тамақтану, жол жүру және шәкіртақы алады
Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу ақысы бар ма? Бағдарлама барлығына тегін бе?
Бұл бағдарламада оқу ақысы 100% тегін. Сондай-ақ түскен студенттер тегін тұру, тамақ, жол жүру және шәкіртақы ала алады
Foundation Year деген не?
Foundation Year – қолайсыз немесе ауылдық жерлерден келген студенттерді университетте оқуға дайындауға арналған күндізгі, бір жылдық мектептен кейінгі бағдарлама. Бағдарлама әрі қарай оқу үшін қажетті негізгі дағдылар мен білім береді. Бұл бакалавр дәрежесінің бірінші жылы емес, академиялық дағдыларды дамытуға көмектесетін және мектеп пен университет арасындағы бейімделуді жеңілдететін оқу жылы.
Foundation бағдарламасына кімдер өтініш бере алады?
Өтінішті тек 11-сынып түлектері — яғни осы оқу жылы мектепті аяқтайтын оқушылар ғана бере алады. Бағдарлама мектеппен қатар жүретін дайындық курстары емес — қатысу тек мектепті бітіргеннен кейін ғана мүмкін болады.
Foundation бағдарламасын 11-сыныппен қатар өтуге бола ма?
Жоқ, бұл бағдарлама тек осы жылы мектепті аяқтайтын түлектерге арналған
Бағдарламда қандай пәндер оқытылады?
Бір жылдық бағдарлама студенттерге inVision U-да оқу үшін қажетті академиялық талаптарға, соның ішінде ағылшын тілін жетілдіруге көмектеседі. Сондай-ақ қазақ және орыс тілдері, математика, IT сабақтары, сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауға және коммуникативті дағдыларға баулу. Әрбір студентке олардың күшті және әлсіз жақтарын ескеретін жеке оқу жоспары беріледі. Бағдарламада тіпті Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бар.
Foundation бағдарламасында қандай тілдер қолданылады?
Foundation Year бағдарламасы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде оқытылады
Foundation-ға қанша студент қабылданады?
Foundation бағдарламасы жыл сайын 30-35 студентті қабылдайды
Университет қай жерде орналасқан?
Сәтбаев университетінің кампусының ішінде, Қаныш Сәтбаев көшесі 22/1 мекен-жайы бойынша орналасқан
Foundation-ды аяқтағаннан кейін келесі қадамдар қандай?
Бағдарламаның барлық табысты түлектері inVision U бакалавр дәрежесіндегі төрт жыл тегін оқу, тұру және стипендия алу мүмкіндігіне ие болады
Университетте не оқытылады?
inVision U студенттері бес мамандықтың біреуінде білім алады:
- Инновация және көшбасшылық социологиясы
- Инновациялық цифрлық өнімдер мен қызметтер
- Мемлекеттік басқару және даму стратегиялары
- Цифрлық медиа және маркетинг
- Креативті инженерия
Оқу бағдарламасы әлеуметтік және кәсіпкерлік көшбасшылыққа қажетті кең ауқымды дағдыларды дамытуға бағытталған
Университетті немесе Foundation year-ді аяқтағаннан кейін, мен inVision U немесе inDrive-қа қарыз болып қаламын ба?
Жоқ. inVision U-дегі барлық білім біздің демеушіміз, inDrive-тың негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томскийдың арқасында тегін түрде ұсынылады. Студенттердің Томский мырзаға немесе университетке ешқандай міндеттемелері болмағандықтан, ақшаны қайтару талап етілмейді. Дегенмен, университеттің мақсаты – қоғамының дамуына үлес қосатын түлектерді дайындау болғандықтан, біз түлектеріміздің көпшілігі оқуын бітіргеннен кейін Орта Азияда қалуды таңдайтынына үміттенеміз.