July 3, 2026

Неліктен дәстүрлі білім беру енді мансапқа кепіл болмайды?

Мақалалар
Пайдалы ақпарат

2026 жылы Қазақстанда 193 мың түлек жоғары оқу орнын тәмамдайды. Бұл – ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бірақ дәл осы уақытта жұмыс берушілер білікті мамандардың жетіспейтінін айтып отыр. Мұндай қарама-қайшылықты қалай түсіндіруге болады?

Жауабы қарапайым: диплом мен нақты кәсіби дағды арасындағы елеулі алшақтық.

Қазақстан жастарының тек үштен бірі ғана дипломды табысты мансаптың басты факторы деп санайды. Ал қалғандары үшін әлдеқайда маңыздысы – кәсіби дағдылар, коммуникациялық қабілеттер, цифрлық құзыреттер, шет тілдерін меңгеру және практикалық тәжірибе.

Басқаша айтқанда, университет дипломы енді болашақтың кепілі ретінде қабылданбайды. Еңбек нарығы үшін де осылай.

Елемеуге болмайтын сандар

Қазақстанның еңбек нарығы бір уақытта  екі түрлі мәселемен эбетпе-бет келіп отыр: бір жағынан IT, инженерия және жаратылыстану бағыттарында білікті мамандар жетіспесе, екінші жағынан гуманитарлық мамандық түлектері шамадан тыс көп.

Жас мамандардың бестен бірінен астамы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл көрсеткіш жоғары білім алғандар арасында – 17%, техникалық және кәсіптік білім алғандар арасында – 29%.

Университет түлектері барған сайын қызмет көрсету саласына немесе жоғары білім талап етілмейтін қызметтерге орналасуда.

Дереккөз: «Жұмыспен қамтудың болашағы: білім беру жүйесінің еңбек нарығына әсері»

2025 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық жастардың 5,8%-ы NEET санатына кірді — яғни оқымайды да, жұмыс істемейді де.

Мәселе бос жұмыс орындарының аздығында емес.

Мәселе – бастапқы деңгейдегі көптеген қызметтердің тұрақты мансапқа, кәсіби дамуға, лайықты жалақыға және өсу мүмкіндігіне жол ашпайтынында.

98mag × inVision U зерттеуіне сәйкес, респонденттердің тек үштен бірі ғана дипломды табысты мансаптың негізгі факторы деп есептейді.

Ал ең маңызды құзыреттер ретінде олар:

  • Кәсіби дағдылар;
  • цифрлық дағдылар;
  • шет тілдерін білу;
  • практикалық тәжірибені атаған.

Сонымен қатар, респонденттердің 57,2%-ы жасанды интеллекттің болашақ мамандық таңдауына ықпал етіп жатқанын сезінеді.

Дереккөз: «Диплом болашаққа кепілдік бермейді»

2026 жылы еңбек нарығына рекордтық 193 мың түлек шығады. Дегенмен дәстүрлі мамандықтар бойынша кадрлар артық болса, техникалық бағыттарда мамандар тапшылығы сақталып отыр.

Бұл тек Қазақстанға тән құбылыс емес.

World Economic Forum жариялаған Future of Jobs Report 2025 есебіне сәйкес, 2030 жылға қарай қазіргі негізгі кәсіби дағдылардың 39%-ы өзгереді немесе өзектілігін жоғалтады, ал жұмыс берушілердің 63%-ы кадрлардың дағдысындағы алшақтықты бизнестің дамуына кедергі келтіретін басты фактор деп есептейді.

Дәстүрлі университет моделі неге тиімділігін жоғалтып жатыр?

Лекцияға негізделген оқу: теория бар, тәжірибе жоқ

Лекцияны тыңдау кәсіби дағды қалыптастырмайды. Төрт жыл бойы аудиторияда отырған студент теориялық білім алады, бірақ оны нақты жағдайда қолдануды үйренбейді.

Ол нарықтың қалай жұмыс істейтінін білуі мүкін. Бірақ нақты компания қалай жұмыс істейді, өнім қалай жасалады немесе кәсіби команда қалай жұмыла әрекет ететінін білмейді.

Қазіргі жұмыс беруші дипломнан бұрын портфолионы көргісі келеді. Оған үміткердің нақты не істей алатыны маңызды. Ал диплом тек адамның төрт жыл оқығанын дәлелдейді. Бұл - екі түрлі нәрсе.

Еңбек нарығының талабына ілесе алмайтын оқу бағдарламалары

2023–2024 оқу жылында Қазақстандағы 157 106 университет түлегінің 37,7%-ы педагогикалық мамандықтарды, ал небәрі 17,1%-ы инженерлік және техникалық бағыттарды аяқтаған.

Жұмыспен қамту саласындағы негізгі мәселелердің бірі – білім беру бағдарламаларының еңбек нарығы талаптарына сәйкес келмеуі.

Дереккөз: «Жұмыспен қамтудың болашағы: білім беру жүйесінің еңбек нарығына әсері»

Оқу бағдарламалары еңбек нарығына қарағанда әлдеқайда баяу жаңарады. Бағдарлама әзірленген кезде өзекті болған білім мен дағдылар үш-төрт жылдан кейін жұмыс берушілер үшін маңызын жоғалтуы мүмкін.

Тек қағаз жүзінде қалатын курстық жұмыстар

Көптеген университеттердегі курстық және дипломдық жұмыстар тек оқытушы үшін жазылады. Олар нақты өмірде қолданылмайды. Нағыз тапсырыс берушінің бағасынан өтпейді. Портфолионың бір бөлігіне айналмайды. Соның салдарынан студент төрт жыл бойы маманды диплом иесінен ерекшелендіретін ең маңызды нәрседен – нақты тәжірибеден айырылып қалады.

Нақты кәсіби кері байланыстың болмауы

Оқытушының бағасы мен жұмыс берушінің бағасы – екі түрлі дүние. Дәстүрлі университетте студент өз жұмысының кәсіби стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін немесе нені жақсарту керектігін сирек біледі. Осындай жүйеде өткен төрт жыл жалған дайындық сезімін қалыптастыруы мүмкін.

Диплом мақсатқа айналған кезде

Егер білім беру жүйесінің басты мақсаты диплом беру болса, студент те соған бейімделеді: емтихан тапсыру, кредит жинау, сессияны жабу.

Ал оқу аяқталған соң оны тәжірибесі бес-алты жыл болатын мамандарды іздейтін еңбек нарығы күтіп тұрады.

Бүгінгі еңбек нарығына не қажет?

Интернет дәуірінде өскен ұрпақ үшін университеттің уәдесі мен еңбек нарығының шынайы талабы арасындағы айырмашылық айқын сезіледі.

Қазіргі таңда табысты мансаптың басты факторы – білімнің нақты жұмыспен байланысында.

Ең маңызды құзыреттер:

  • Кәсіби дағдылар;
  • коммуникациялық дағдылар;
  • шет тілдерін білу;
  • цифрлық құзыреттер;
  • жұмыс тәжірибесі;
  • кәсіби портфолио.

Алғашқы жұмыс орнын тәжірибесіз табу көптеген түлек үшін ең үлкен қиындыққа айналады. Еңбек нарығы тәжірибе талап етеді. Бірақ оны жинақтауға әрдайым мүмкіндік бере бермейді. Әсіресе Алматыдағы жас мамандар бір сөзді жиі естиді: «Тәжірибе қажет».

Балама қандай? inVision U білім беру моделі

Problem-Based Learning: алғашқы күннен бастап нақты міндеттер

inVision U білім беру жүйесінің негізінде халықаралық деңгейде мойындалған Problem-Based Learning (PBL) әдісі жатыр.

Бұл тәсілде оқу лекциядан емес, нақты мәселені шешуден басталады.

Студенттер алғашқы күннен бастап әлеуметтік, технологиялық, басқарушылық және медиа салаларындағы нақты жобалармен жұмыс істейді.

Теория мақсат емес. Ол нақты мәселені шешудің құралына айналады. Оқытушы дайын жауап бермейді.

Ол мәселені қояды, оқу ортасын қалыптастырады, талқылауды бағыттайды және кері байланыс береді.

Әр сабақтың нәтижесі – конспект емес.

Нақты нәтиже:

  • аналитикалық қорытынды;
  • дәлелденген гипотеза;
  • шешім тұжырымдамасы;
  • немесе жұмыс істейтін прототип.

Үшінші курстан кейінгі міндетті тағылымдама

Үшінші курстан кейін барлық студент міндетті түрде тағылымдамадан өтеді.

Ең маңызды ерекшелігі – студентті университет оқытушылары емес, тәжірибе өтетін ұйымның мамандары бағалайды.

Бұл – кәсіби ортадан алынатын шынайы кері байланыс.

Дәстүрлі университеттерде мұндай тәжірибе сирек кездеседі.

Сондықтан оқу аяқталған кезде inVision U студенті кәсіби ортаның қалай жұмыс істейтінін өз тәжірибесі арқылы біледі.

Университет таңдаған кезде қандай сұрақ қою керек?

Басты сұрақ: «Бұл университет мемлекеттік диплом береді ме?» емес. Себебі inVision U-де онсыз да ол бар. Диплом Satbayev University серіктестігі арқылы беріледі.

Негізгі сұрақ басқа болу керек: «Төрт жылдан кейін мен нақты не істей аламын?»

Университеттің құндылығы оның ұсынатын мүмкіндіктерімен өлшенеді:

  • дамытушы орта;
  • кәсіби байланыстар;
  • жоғары талап қойылатын мамандықтарға жол ашуы.

Дағдылар, тәжірибе, ағылшын тілі және цифрлық құзыреттер бүгінгі таңда дипломнан кем емес, ал көп жағдайда одан да маңызды.

Дәстүрлі университеттер жоғалып кетпейді. Бірақ олар енді еңбек нарығына дайын маманның синонимі емес. Нақты тәжірибесіз өткен төрт жыл – кәсіби даму, тәжірибе және кері байланыс алу үшін өткізіп алған мүмкіндік.

inVision U дәл осы олқылықтың орнын толтыру үшін құрылған. Мұнда мақсат – диплом беру ғана емес, шынайы өмірде әрекет ете алатын мамандарды даярлау.

Студенттер алғашқы күннен бастап нақты жобалармен жұмыс істейді. Міндетті тағылымдамадан өтеді. Пәнаралық командаларда жұмыс істейді.

Және мұның барлығы толық өтеусіз грант негізінде жүзеге асады. Төрт жыл бойы жай ғана оқуды емес, алғашқы күннен бастап өз болашағын қалыптастыруды қалайтындар үшін.

Өтінім қабылдау 2026 жылдың 15 шілдесіне дейін ашық

Өтінім беру: invisionu.education

E-mail: info@invisionu.education

Телефон: +7 771 070 73 70

Кампус:
Алматы қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 22/1,
Satbayev University аумағы.

Блогымыздан пайдалы мақалаларды оқыңыз

Қатысты мақалалар

Пайдалы ақпарат
July 14, 2026
min

Руслан Мұқанов inVision U-дағы Creative Engineering командасына қосылды

Оқы
Пайдалы ақпарат
July 2, 2026
min

inVision U мен GOROZHANYM ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Оқы
Пайдалы ақпарат
June 23, 2026
min

Университет өміріңді қалай өзгерте алады? Төрт жыл ішінде не қалыптасады?

Оқы