Неліктен шетелге кетпей-ақ Қазақстанда ағылшын тілінде оқу керек?

Жыл сайын мыңдаған қазақстандық студенттер халықаралық деңгейдегі ағылшын тілді білімге қол жеткізудің жалғыз жолы ретінде шетелдік университеттерді қарастырады. Бұл түсінік ондаған жылдар бойы қалыптасты: егер халықаралық ортада оқығың келсе, мықты профессорлардан дәріс алып, жаһандық ұйымдардың есігін айқара ашатын дипломға ие болғың келсе — елден кетуің керек еді. Қазақстанда қалу үнемі белгілі бір деңгейде компромиске баруды, яғни сападан бас тартуды білдіретін.
inVision U дәл осы таптаурын түсінікке жүйелі жауап ретінде құрылды. Ол «шетелге кете алмағандарға арналған» балама нұсқа емес, керісінше, өз елінде жүріп әлемдік деңгейдегі білім алып, болашақты осында бірге құрғысы келетіндердің саналы әрі стратегиялық таңдауы.
Студенттер неліктен шетелге кетеді? Мәселенің шынайы сипаты
Қазақстанда қалудың артықшылықтарын айтпас бұрын, шетелде оқу туралы шешімнің өзіндік қисыны болғанын мойындау керек. Студенттер арасында ең жиі кездесетін үш негізгі себеп бар:
- Тілдік орта: Ағылшын тілін бөлек пән ретінде емес, негізгі жұмыс құралы ретінде қолдану. Қазақстанда бұл талапқа санаулы ғана оқу орны сай келетін. «Халықаралық» деп жарияланған бағдарламалардың көбі іс жүзінде оқытуды орыс тілінде жүргізіп, тек кейбір пәндерді ғана ағылшынша ұсынатын.
- Оқыту сапасы: Халықаралық профессорлар құрамы, әлемдік жетекші зерттеу орталықтарымен байланыс және ең өзекті әдістемелерге қол жеткізу мүмкіндігі — мұның бәрі отандық емес, тек шетелдік университеттерге тән қасиет ретінде қабылданатын.
- Мансаптық мүмкіндіктер: Батыс университеттерінің дипломы халықаралық ұйымдарға, жаһандық компаниялар мен академиялық ортаға тікелей жол ашатын. Отандық дипломдар мұндай сенімділік бере алмайтын.
Неліктен шетелде оқығанша, inVision U-ды таңдаған тиімдірек?
1 - Ағылшын тілі — пән емес, кәсіби жұмыс ортасы
inVision U-да ағылшын тілі — сабақ кестесіндегі кезекті пән емес, бүкіл оқу процесінің негізгі өзегі. Лекциялар мен семинарлар, жобалық жұмыстар, топтық талқылаулар, академиялық жазу мен қорытынды презентациялардың барлығы тек ағылшын тілінде өтеді. Студент алғашқы күннен бастап ағылшын тілі жалғыз жұмыс құралы болып табылатын шынайы ортаға тап болады.
Бұл — саналы түрде қабылданған шешім. Халықаралық еңбек нарығы, UNDP, UNICEF сияқты жаһандық ұйымдар, ірі технологиялық компаниялар мен зерттеу орталықтары тек тілді білуді емес, ағылшын тілінде кәсіби деңгейде ойлауды, талдау жасауды және еркін коммуникация құруды талап етеді. Бұл дағды оқулық жаттау арқылы емес, тек үздіксіз тәжірибе арқылы қалыптасады.
Сонымен қатар, университет студенттердің тілдік дайындық деңгейі әртүрлі екенін жақсы түсінеді. Дәл осы олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы Foundation Year бағдарламасы ашылған.
Foundation бағдарламасы барысында студенттер ағылшын тілін бакалавриатта толыққанды білім алуға жеткілікті академиялық деңгейге (Upper-Intermediate және одан жоғары) дейін көтереді. Бұл оқшауланған интенсивті тіл курстары арқылы емес, шынайы оқу тәжірибесі: академиялық жазу, дебаттар, ғылыми мәтіндермен жұмыс және жобаларды көпшілік алдында қорғау арқылы жүзеге асады.
2 - Елден кетпей-ақ әлемдік деңгейге қол жеткізу
Білімнің сапасы университеттің орналасқан географиясымен емес, онда жұмыс істейтін адамдардың деңгейімен өлшенеді. inVision U алғашқы күннен бастап осы қағиданы негизге алды.
Университет президенті — Эндрю Вахтель, Америка өнер және ғылым академиясының мүшесі, Орталық Азиядағы Америка университетінің (АУЦА) бұрынғы президенті және Нархоз университетінің ректоры. Провост — Анель Құлахметова, ЮНИСЕФ Қазақстанның бұрынғы ұлттық консультанты, Бішкектегі ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Академиясының оқытушысы. Foundation директоры — Нұркен Әубәкір, CEEMAN Responsible Management Educator of the Year 2024 лауреаты және Иллинойс университетінің шақырылған зерттеушісі.
Профессор-оқытушылар құрамы халықаралық стандарттар бойынша жасақталған. Доктор Арман Рахимов — Уорик университетінің психология ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Әлия Асанбекова — EdTech кәсіпкері, оның студенттері Startup Nation 2024 байқауының жеңімпаздары атанды.
3- Шетелде де сирек кездесетін озық әдістеме
Көптеген шетелдік университеттер әлі күнге дейін дәстүрлі академиялық форматты сақтап келеді: ауқымды лекциялар, жазбаша емтихандар мен теориялық курстық жұмыстар. inVision U оқу процесін түбегейлі басқаша құрады — бұл оның шетелдік оқу орындарын қоса алғанда, кез келген дәстүрлі университеттен басты бәсекелестік артықшылығы болып табылады.
Білім беру моделінің негізінде мәселеге бағытталған (Problem-Based Learning) және жобалық оқыту (Project-Based Learning) әдістері жатыр. Студенттер теорияны болашақта бір күні қолданармын деп жаттамайды.
Оқуды бітіргеннен кейін: Өз еліңде қалудың стратегиялық пайдасы
Шетелге кетуді қолдайтындардың тағы бір себебі - шетелдік дипломның беделі жоғары дегенге саяды. inVision U түлектері Satbayev University-мен серіктестікте жүзеге асырылатын, Қазақстанда да, шетелде де танылатын мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Бірақ диплом — жалғыз нәтиже емес. Ең үздік түлектер университет қабырғасында жасалған өз жобаларын іске асыру үшін inDrive негізін қалаушы және бас атқарушы директоры (CEO) Арсен Томскийден 18 айға дейінгі мерзімге тікелей қаржыландыру алу мүмкіндіге ие болады. Бұл қатысу шарты қиын кезекті стартап-акселератор емес, бұл — университет ішінде туындаған идеяларға көрсетілетін тікелей институционалдық қолдау.
inVision U-дың алдағы уақытта әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Мексика, Бразилия, Марокко және Непалда 5-тен астам кампус ашу жоспары бар. Алғашқы ағымның студенттері университеттің алғашқы күнінен бастап-ақ осы ауқымды халықаралық түлектер желісінің мүшесіне айналады. Бұл — уақыт өткен сайын құны арта беретін үлкен капитал.
Университеттің берік ұстанымы
Ұзақ жылдар бойы ағылшын тілінде сапалы білім алу үшін шетелге кету мәжбүрлі шешім болып келді, өйткені Қазақстанда лайықты балама болмады. Бүгінде мұндай балама бар.
Өз еліңде қалуды таңдау — бұл компромисс емес. Бұл — ең тиімді стратегиялық шешім.
Құжат қабылдау 2026 жылдың 15 шілдеге дейіндейін ашық.
Өтінім беру: invisionu.education
Кампус: Алматы қ., Қаныш Сәтбаев көшесі, 22/1, Satbayev University аумағы.
Сұрақтар бойынша: info@invisionu.education


