Неге дәл inVision U-дың Creative Engineering бағдарламасына түскен жөн?

Әлем қарқынды өзгеруде. Робототехника, жасанды интеллект, смарт құрылғылар, цифрлық өндіріс, иммерсивті технологиялар және автоматтандыру — бұл алдағы болашақ емес, қазірдің өзінде күнделікті өмірдің бір бөлігі. Бірақ бүгінгі басты сұрақ, осы технологияларды кім жасайды?
Қазіргі индустрияға жаңа буын мамандары қажет.Технологияларды түсінумен ғана шектелетіндер емес, идеяларды нақты өнімдерге айналдыра алатындар. Яғни,: тұжырымдамадан және цифрлық модельден жұмыс істейтін құрылғыға, интерактивті жүйеге немесе физикалық прототипке дейін жеткізе алатын мамандар.
Дәл осы себеппен inVision U Креативті инженерия бағдарламасын жасады.Инженерлік ойлау, робототехниканы, цифрлық өндірісті, жасанды интеллектіні, дизайн, есептеу технологияларын және шығармашылық инновацияны біріктіретін жаңа буынның пәнаралық инженерлік бағдарламасы.
Бұл — технологияларды жай оқып ғана қоймай, оларды жасағысы келетіндер үшін бағдарлама.
Creative Engineering дегеніміз не — және бұл неліктен жай «техникалық факультет» емес?
Creative Engineering инженерлік ойлауды, дизайнерлік тәсілді және физикалық өндіріс дағдысын біріктіреді. Дәстүрлі білім беру жүйесінде бірге сирек кездесетін қосынды.
Бағдарламаның өзегінде бір идея жатыр.: Ббүгінгі нағыз инженер — жүктемені есептей алатын немесе сызбаны оқи алатын адам ғана емес. Ол — мәселені алып, шешім ойлап тауып, оны физикалық түрде жүзеге асыра алатын адам: эскизден жұмыс істейтін құрылғыға дейін. Дәл осыны осында төрт жыл бойы үйретеді.
Студенттер электроника, бағдарламалау, CAD/CAM-жүйелер, микроконтроллерлер, IoT және цифрлық өндіріспен жұмыс істейді. 2D/3D-студиялар, инженерлік графика және прототиптеуді қатар алып жүреді. Бұл пәндер жеке-жеке емес, өзара байланыста оқытылады. Студенттер әр курста алған білімін келесі пәндерде қолдана отырып, біртіндеп күрделірек жобаларға өтеді.
Бағдарламаны Мария Ли басқарады — Bartlett School of Architecture (UCL, Ұлыбритания) түлегі, «Мәдениет пен шығармашылық» санатындағы UK Alumni Award лауреаты, инженерия, дизайн, өнер және creative technologies қиылысында жұмыс істейтін маман. Оның кәсіби тәжірибесі мен пәнаралық тәсілі бағдарламаның философиясын қалыптастырды.Мұнда студенттер технологиялар мен дизайнды түсінумен қатар, нақты инженерлік шешімдер жасауды үйренеді.
Бағдарлама кімге сәйкес келеді?
Технологиялар, инженерия және нақты өнімдер жасауға қызығатындарға.
Бағдарлама технологиялардың қалай жұмыс істейтінін түсінумен шектелмей, оларды жасауға қатысқысы келетіндерге арналған: нақты объектілерді, құрылғыларды және инженерлік шешімдерді жобалауға, модельдеуге, жинауға және тестілеуге.
Смарт құрылғылар және physical computing-пен жұмыс істегісі келетіндерге.
Студенттер электроника, микроконтроллерлер, Internet of Things (IoT) және смарт жүйелердің негіздерімен танысады. Оқыту практикаға бағытталған: сенсорлар мен аппараттық жабдықпен жұмыстан бастап интерактивті жүйелер мен физикалық прототиптер жасауға дейін.
Цифрлық өндіріс және инженерлік жобалауға қызығатындарға.
Идеяның физикалық объектіге қалай айналатынын білгіңіз келсе, бағдарлама CAD/CAM технологиялары, ЧПУ өндірісі, цифрлық фабрикация, 3D-басып шығару және Digital Twins бойынша толық жолды өтуге мүмкіндік береді — цифрлық модельдеуден дайын өнімге дейін.
Интерактивті және иммерсивті технологияларға қызығатындарға.
Бағдарлама иммерсивті және интерактивті технологияларды қазіргі инженерлік ортаның бір бөлігі ретінде қарастырады — digital experiences және пәнаралық дизайн тұрғысынан, технологиялардың адаммен және қоршаған ортамен қалай өзара әрекеттесетінін терең түсінуге бағытталған.
Өз өнімдері мен жобаларын жасағысы келетіндер үшін.
Creative Engineering өзінің технологиялық шешімдерін, өнім инновацияларын немесе стартап-жобаларын іске қосуды қарастыратындарға ерекше сәйкес келеді. Бағдарламада инновация, кәсіпкерлік, бизнес-инкубация және акселерация бойынша таңдау пәндері бар., Ссондай-ақ идеяларды прототип немесе MVP деңгейіне дейін дамытуға мүмкіндік беретін пәнаралық жоба форматтары қарастырылған.
Студенттер не оқиды?
Creative Engineering.
Бағдарламасы инженерлік дайындықты, цифрлық жобалауды, заманауи технологияларды және жобалармен практикалық жұмысты біріктіреді. Студенттер фундаментальді білімнен өздерінің инженерлік шешімдері мен прототиптерін жасауға дейінгі жолды жүріп өтеді.
Engineering Foundation.
Математика, физика, бағдарламалау, инженерлік графика және механика — инженерлік ойлау мен техникалық жүйелерді түсінудің негізі.
Digital Design & Engineering.
CAD/CAM технологиялары, цифрлық модельдеу және инженерлік дизайн — студенттер идеяларды өндіріске дайын инженерлік модельдерге айналдыруды үйренеді.
Electronics & Smart Systems.
Электроника, сенсорлар, микроконтроллерлер, IoT және embedded systems — смарт технологиялар мен physical computing-пен практикалық жұмыс.
Digital Fabrication & Prototyping.
3D-басып шығару, ЧПУ технологиялары, цифрлық фабрикация және жылдам прототиптеу — цифрлық модельдерді нақты физикалық өнімдерге айналдыру.
Creative Engineering Studios.
Бағдарламаның өзегінде — студиялық оқыту жатыр. Мұнда студенттер алғашқы идеялардан және цифрлық модельдеуден бастап функционалды прототиптер мен түпкі жобаға (MVP) дейін жұмыс жасайды.
Innovation & Entrepreneurship.
Дизайн-ойлау, жоба менеджменті, инновация және кәсіпкерлік — студенттерге өз идеяларын дамытуға және технологияларды нақты өнімдерге қалай айналдыруға болатындығын түсінуге көмектеседі.
Оқу жоспарынаың шолуы

Түлектерге арналған мансап мүмкіндіктері
Бағдарламаны бітіргеннен кейін inVision U-дің барлық бес бағытының ішіндегі ең кең мансаптық бағыттарға жол ашатын бағдарлама. Дизайнерше ойлайтын инженер және инженерше жұмыс жасайтын дизайнер - физикалық өнімдер жасалатын кез келген жерде сұранысқа ие.
Мүмкін лауазымдар:
Креатив инженер, өнім дизайнері, өнеркәсіптік дизайнер, прототиптеу инженері, сандық өндіріс маманы, CAD/CAM дизайнері, IoT инженері, робототехника технигі, автоматтандыру инженері, UX инженері, R&D инженерия жөніндегі ассистент, дизайн-технолог.
Мүмкін салалар:
Робототехника және автоматтандыру, цифрлық өндіріс және 3D-басып шығару, тұтынушылық электроника, смарт құрылғылар, автомобиль өнеркәсібі, смарт қалалар, стартаптар және инновациялық зертханалар.
Creative Engineering — күтетіндер үшін емес, жасайтындар үшін.
inVision U-дің Creative Engineering бағдарламасы жай түсінумен шектелгісі келмейтін, өз қолымен зат жасап шыққысы келетін адамдарға арналған. Толық тегін грантта оқудың бес жылы, Foundation-нан мемлекеттік үлгідегі дипломға дейін бірыңғай жол ретінде құрылған. Алғашқы жобадан бастап, әртүрлі саланың адамдарымен бірге жасалған дайын өнімге дейін.
Бұл жерде жай инженерлер емес, шешімдер жасаушылар тәрбиеленеді — технологияларды, инженерлік ойлауды, дизайнды және өндірісті біріктіріп, бұрын болмаған нәрселерді жасай алатын адамдар.
Өтінім беру
Бағдарламаға қабылдау ашық. Алғашқы лектеке орын саны шектеулі. Сайтта байланыс деректеріңізді қалдырыңыз — inVision U командасы 24 сағат ішінде хабарласып, қабылдау бойынша барлық сұрақтарға жауап береді.
inVision U, Алматы — Қазақстанның болашақ көшбасшыларын тәрбиелеу, толық тегін грантпен.


