May 22, 2026

inVision U: өтініш қабылдаудың аяқталуына бір апта қалды – бакалавриатқа түсуге үлгеріңіз

Жаңалықтар
Пайдалы ақпарат

inVision U Foundation және бакалавриат бағдарламаларына құжат қабылдау соңғы мерзімі - 15 шілде. 

‍

Егер сен әлі де оқуға түсу туралы ойланып жүрсең, дәл қазір — сенің уақытың. Бәрін қадам бойынша талдап көрейік: не істеу керек, қандай ретпен жасаған дұрыс және неліктен соңғы сәтке дейін созбаған жөн?

Чек-лист: 15 шілдеге дейін не істеу қажет?

‍

1. Сауалнама (Анкета)

platform.invisionu.education сайтында онлайн түрде толтырылады. Мұнда бағдарламаны таңдап, өзің туралы негізгі ақпаратты көрсетіп, құжаттарды тіркейсің.

2. Видеопрезентация ұзындығы 5 минутқа дейін болуы тиіс.

‍

Бұл — өтінім берудің екінші және ең маңызды кезеңі. Камераға тікелей қарап, мына алты сұраққа жауап бересің: неліктен inVision U, сені қандай бағдарлама қызықтырады, қандай қиындықты еңсердің, мақсаттарың қандай, сен үшін көшбасшылық деген не және отбасың сені қолдай ма? 

‍

Видоены креативті түрде істеуге болады, бірақ міндетті емес, бастысы — дыбыстың анық жазылуы мен өзің туралы нақты әрі құрылымды ақпарат беру және видеоға сілтеменің ашылуы.

‍

‍Видеопрезентация бойынша толық нұсқаулықты (кеңестер, әр сұрақты талдау және жиі жіберілетін қателіктер) «inVision U-ға арналған видеопрезентация» блогынан таба аласыз. 

‍

3. Жеке қасиеттерді анықтауға арналған тест.

‍

Бұл тест бізге сенің тұлға ретінде, әрі топ мүшесі ретінде рөлінді жақсырақ түсінуге көмектеседі. Бұл білімді тексеру емес, керісінше, сауалнамаға қарағанда өзің туралы көбірек айтуға мүмкіндік беретін кезең.

‍

Қорытынды: сауалнама, видео, тест. Осы үш қадамды жасасаң — сен ресми түрде inVision U-ға іріктеу процесіне қосыласың.

‍

Қандай құжаттарды кейінірек жүктеуге болады?

‍

  • 15 шілдеге дейін ҰБТ нәтижелерін өткізуге болады (қаңтар, наурыз және маусым айларындағы емтихан нәтижелереін қабылдаймыз). Егер ҰБТ-ны маусымда тапсырсаң, өтінімді қазір бер де, нәтижесін алған бойда жүкте.
  • IELTS немесе TOEFL сертификаттары тек бакалавриат бағдарламаларына қажет және олар да 15 шілдеге дейін қабылданады.

‍

Маңыздысы: өтінімді 15 шілдеге дейін өткіз, ал жетіспейтін құжаттарды 15 шілдеге дейін тапсыруға болады.

‍

Неліктен өтінімді соңғы күнге қалдырмай, бүгін берген жөн?

‍

Себебі асықпай, тыныш ортада түсірілген видео дедлайнға бір сағат қалғанда жанталасып жазылған видеодан әрдайым сапалы шығады. Әрі сауалнамаңды қайта оқып, көңіліңнен шықпаған тұстарын түзетуге уақытың болады.

‍

Өтінімді қазір бер: info@invisionu.education немесе +7 771 070 73 70 (What'sApp желісінде тек жазбаша өтініштер қабылданады). 

‍

Толығырақ әрі пайдалы ақпаратты блогымыздан оқи аласыз.

Қатысты мақалалар

Пайдалы ақпарат
September 14, 2026
min

inVision U Forum 2026: Бұл іс-шара 2027 жылы оқуға түсетіндер үшін нені білдіреді?

Оқы
Пайдалы ақпарат
September 10, 2026
min

Аi дәуіріндегі көшбасшылық: inVision U Forum 2026 не туралы?

Оқы
Пайдалы ақпарат
September 7, 2026
min

inVision U Forum 2026: AI көшбасшының әлеуетін қалай ашады

Оқы