April 29, 2026
5 мин

25 сәуір күні Алматыда inVision U білім бағдарламасының ашық есік күні өтті.

Оқиғалар
Пайдалы ақпарат

Жиынға мектеп оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер қатысып, білім беру моделінің ерекшеліктерімен танысты. Бүгін жоғары оқу орындары тек маман даярлап қана қоймай, болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға басымдық беруде. Жастардың әлеуетін ашуға бағытталған инновациялық білім беру бастамалары да көбейіп келеді. Солардың бірі, жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелейтін inVision жобасы.

inVision U білім бағдарламасы кәсіпкер Арсен Томскийдің бастамасымен Satbayev University-мен серіктестік негізінде құрылған. Студенттер қоғамға пайдалы жобалар жасап, нақты мәселелер бойынша тәжірибе жинайды. Мұндағы оқу толықтай грантпен қамтылған. Алғашқы студенттері қыркүйекте Foundation бағдарламасымен оқуын бастапты. Бакалаврға дейінгі бір жылдық дайындықта негізгі пәндер мен ағылшын тілі оқытылады.

Амира Тасыбай,  inVision U Foundation бағдарламасының студенті:

Осы бір жылдың ішінде өзімнің дүниетанымды қатты өзгерттім мен мысалы мақсаттарымды қайта қарастырып қай бағытта дамып келе жатқанын түсіндім. inVision U-да теория ғана емес бізде практикаға көп назар аударады біз  әртүрлі адамдардың проблемаларын шешетін жобаларды жасаймыз.

Қыркүйекте inVision U-дің бакалавр бағдарламасы басталады. Төрт жылдық оқу тәжірибе мен жобалық жұмысқа негізделген. Мысалы, креативті инженерия студенттері нақты жобалар жасаса, медиа және маркетинг саласындағы шәкірттер бейнеролик түсіріп, подкаст жазады екен. Оған қоса академиялық білім мен командалық жұмысты үйренеді. Шәкірттер нақты кейстермен жұмыс істеп, өз ойларын іске асырады.

Нұрхан Омарбеков, inVision U студенттерді оқуға қабылдау бойынша директоры:

Жалпы оқуға түсу үшін бізге ең бастысы студенттер ҰБТ тапсыру керек. Екіншісі ол бейнежазба яғни өзіңіз туралы видео камераға жазып кімсіз, қайдан келдіңіз, не істеп жүрсіз, қайда оқып жүрсіз, келешекте жоспарыңыз қандай, не істегіңіз келеді, жалпы әлемді қалай өзгерткіңіз келеді деген жоспарыңызбен сол туралы барлығын видеопрезентация жасау.

InVision U жобасы туралы 24KZ телеарнасы да ақпарат таратты. Материалдың авторлары: Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев

inVision U-дің түлектеріне Satbayev University-дің дипломы беріледі. Сонымен қатар үздік жобалар қаржылай қолдауға ие бола алады. Өтінімді inVision U-дың ресми сайтында онлайн түрде беруге болады. 

Бізбен бірге болыңыз! Сізді көптеген қызықты және пайдалы ақпарат күтеді.

Қатысты мақалалар

Пайдалы ақпарат
May 19, 2026
min

InVision U-да Foundation Year бағдарламасының алғашқы түлектер шығарылымы өтеді

Оқы
Пайдалы ақпарат
May 18, 2026
min

inVision U-дағы қонақ дәрісі: Серік Бейсембаев және PaperLab социология туралы

Оқы
Пайдалы ақпарат
May 15, 2026
min

Мұхит Құлмағанбетов: хирургтан кванттық зерттеушіге дейін

Оқы