inVision U мен Debat Eli-нің El Umiti Cup 2026 аясындағы серіктестігі

Астана, 24-25 Қазан

(Пікірталас турнирі)
Өтетін орны: «Нұрорда» мектеп-лицейі

Қазіргі әлем оқулықтар жаңарып үлгергеннен де жылдам өзгеруде. Жасанды интеллект дәуірінде және еңбек нарығы қарқынды трансформацияланып жатқан кезде тек академиялық бағалардың өзі емес, сыни ойлау, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу, қысым жағдайында өз дәлелін қорғай білу және белгісіздік жағдайында шешім табу қабілеті шешуші мәнге ие болып отыр.

‍

Дәл осы дағдыларды мектептегі дебаттар қалыптастырады. Дарынды жастарды қолдау және мектептен университетке дейінгі ашық әрі түсінікті даму траекториясын қалыптастыру мақсатында inVision U Қазақстандағы ең ірі ұлттық мектеп дебат турнирі - Debat Eli жобасы ұйымдастыратын El Umiti Cup 2026 турнирінің ресми серіктесі атанды. Турнир тарихында оған Қазақстанның әр өңірінен 3 000-нан астам мектеп оқушысы-дебатер қатысты.

‍

‍

Турнир екі лигада өтеді:

‍

  • Қазақ лигасы - мемлекеттік тілдегі дебаттардың бәсекелі мәдениетін дамытып, ұлттық дебат қауымдастығын нығайтады.

‍

  • Ағылшын лигасы - Қазақстанның ұлттық құрамасына Оқушылар арасындағы пікірсайыстан әлем чемпионатына (WSDC) қатысу үшін үміткерлерді іріктеудің ресми кезеңі. Биылғы үздік қатысушылар 2027 жылдың жазында Болгарияда Қазақстанның атынан өнер көрсетеді.

‍

‍

Бұл модель қазақ тіліндегі дебат ортасының дамуын қолдауға және халықаралық жарыстарға бағытталған оқушылар үшін бәсекелі ағылшын тілді алаң қалыптастыруға мүмкіндік береді.

‍

‍

El Umiti Cup 2026 бағдарламасы

‍

‍

1-КҮН — 24 ҚАЗАН
09:00 – 10:00
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ
10:00 – 10:30
АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
10:30 – 12:30
1-РАУНД (АЛДЫН АЛА БЕРІЛГЕН ҚАРАР)
12:30 – 13:30
ТҮСКІ АС
13:30 – 14:30
2-РАУНДҚА ДАЙЫНДЫҚ
14:30 – 16:00
2-РАУНД
16:00 – 18:00
3-РАУНД (АЛДЫН АЛА БЕРІЛГЕН ҚАРАР)
18:00 – 19:00
4-РАУНДҚА ДАЙЫНДЫҚ
19:00 – 20:15
4-РАУНД (ЖАБЫҚ)
20:15
БРЕЙК
2-КҮН — 25 ҚАЗАН
09:00 – 10:00
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ
10:00 – 11:00
ШИРЕК ФИНАЛҒА ДАЙЫНДЫҚ
11:00 – 12:00
ШИРЕК ФИНАЛ
12:00 – 12:30
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТҮСКІ АСЫ
12:30 – 13:30
ТӨРЕШІЛЕРДІҢ ТҮСКІ АСЫ / ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ДАЙЫНДЫҚ
13:30 – 15:00
ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ
15:00 – 16:00
ФИНАЛҒА ДАЙЫНДЫҚ
16:00 – 18:00
ФИНАЛ
18:00 – 19:00
ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

Іс-шара өтетін мекенжай:

Астана қаласы, NurOrda мектеп-лицейі, Қасым Аманжолов көшесі, 34.

‍

‍

Debat Eli дегеніміз не?

‍

Debat Eli - Қазақстандағы білім беру жобасы және 80-нен астам елді әлемдегі мектеп дебаттарының ең ірі чемпионаты аясында біріктіретін халықаралық ұйым - World Schools Debating Championships Ltd. (WSDC Ltd.) ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі. Жоба іске асырылған уақыт ішінде бүкіл ел бойынша мыңдаған жасты біріктірген 140-тан астам білім беру және дебат іс-шарасы өткізілді.

‍

Жоба 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және алғашқы аудандық турнирлерден бастап Қазақстанның ұлттық мектеп құрамасын қалыптастыру мен әлем чемпионатына дайындауға дейінгі бірыңғай ұлттық экожүйені қалыптастыруда. Халықаралық бағыт ұлттық дебат инфрақұрылымын дамытумен қатар, жобаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

‍

Жобаның миссиясы

‍

‍

Debat Eli миссиясы - Қазақстанның мектеп оқушылары, студенттері мен жастары арасында дебат мәдениетін дамыту, сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу, көшбасшылық қасиеттер мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан қазіргі жағдайда ерекше маңызға ие болып отырған деректерді талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау.

Сонымен қатар жоба Қазақстанның халықаралық дебат аренасындағы позициясын нығайтуды және елдің әлемдік дебат қауымдастығындағы өкілдігін кеңейтуді мақсат етеді.

‍

‍

Неліктен inVision U El Umiti Cup-ты қолдайды?

‍

‍

inVision U мен Debat Eli серіктестігі -ортақ құндылықтарды бөлісетін екі алаңның табиғи бірлестігі. Дебаттар біздің білім беру моделіміздің негізіне қоятын «супердағдыларды» күрделі мәселелерді терең талдау, көшбасшылық қасиеттер және өз ойын нанымды жеткізе білу қабілетін дамытады.

‍

Дебатпен айналысатын жастар іс жүзінде әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысады: олар әлемге эмпатиямен қарайды және қоғам үшін маңызды мәселелермен жұмыс істейді.

‍

Біз Debat Eli сияқты ұйымдармен ынтымақтасамыз, өйткені икемді, стандарттан тыс әрі сараптамалық ойлау қабілеті бар талантты студенттерді іздейміз және оларға Қазақстанда халықаралық деңгейдегі сапалы білімді грант негізінде алуға мүмкіндік береміз.

‍

‍

Дәл осы дағдылар Мемлекеттік басқару және даму стратегиялары және Инновация және көшбасшылық социологиясы бағдарламаларында оқытылады.

‍

Үздік қатысушылар не алады?

‍

‍

Серіктестік аясында inVision U El Umiti Cup 2026 турнирінің үздік қатысушыларына оқу ақысының 100%-ын толық жабатын 2 грант бөледі.

‍

Гранттар бакалавриаттың екі бағдарламасына беріледі:

‍

‍

    • Инновация және көшбасшылық социологиясы
    • Мемлекеттік басқару және даму стратегиялары

‍

‍

Бағдарламалардың таңдалуы кездейсоқ емес. Олар дебатерлердің пікірсайыс алаңында күнделікті айналысатын жұмысына барынша жақын: қоғамдық үдерістерді талдау, әлеуметтік-экономикалық трендтермен жұмыс істеу және мемлекет пен бизнес үшін жүйелі шешімдер әзірлеу.

‍

‍

Грантқа қалай таласуға болады?

‍

‍

Қазақстанның әрбір мектеп оқушысы үшін қатысу жолы қарапайым әрі ашық:

‍

‍

2-қадам. Финалға шығу.
Онлайн іріктеу турнирінен өтіп, Астанада өтетін El Umiti Cup турнирінің офлайн кезеңіне шақыру алыңыз.

‍

3-қадам. Университетке өтінім беру.
Арнайы серіктестік сілтеме арқылы inVision U абитуриентінің сауалнамасын толтырыңыз: Қабылдау

‍

‍

Қабылдау талаптары және бұл қалай жұмыс істейді?

‍

Біріншіден. ҰБТ-дан кемінде 80 балл жинау. Екі бағдарлама бойынша бейіндік пәндер — математика және география.

‍

Екіншіден. IELTS-тен кемінде 6.0 балл алу.

‍

Үшіншіден. Жеке сұхбаттан және/немесе топтық ойыннан өту.

‍

‍

Барлық талапты орындаған кандидаттар inVision U университетіне қабылданады

‍

El Umiti Cup 2026 турниріне қатысу — өз өңіріңіздің намысын қорғап, халықаралық аренаға шығу ғана емес, сонымен қатар жаңа форматтағы сапалы жоғары білім алуға мүмкіндік.

‍

‍

‍